Русский Сайттың толық нұсқасы

Елордадағы жаңа үйдің бірі жарамсыз халге түскен

  • AstanaTV
  • 01 сәуір 2021
  • 2375

Сырты бүтін, іші түтін. Елордадағы жаңа үйдің бірі жарамсыз халге түскен. Тұрғындар қоныстанғаннан бері проблемадан көз ашпай келе жатырмыз деп налиды. Жертөлесі суға толып, бүгінде қабырғалары үгітіле бастапты. Су мен жылудың да проблемасы мезі еткен. Базыналы бұқараның жанайқайы келесі бейнематериалда.

80 пәтерге шақталған көп қабатты мына үй 6 жыл бұрын ел игілігіне берілген. Тұрғындардың баспана алғандағы қуанышы ұзаққа созылмапты. 3 жыл өтер-өтпестен үйде ауыз судың проблемасы басталған. Динара Сұлтанованың айтуынша, соңғы уақытта суды уақытпен беруді әдет қылған. Оның өзінде ыстық су болмайды екен.

Динара СҰЛТАНОВА, НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Насосымыз бұзылып қала береді, бұзылып қала береді. Жөндейміз деп айтады, жөндеп алып келген түрі бүгінгі. Бүгіннің өзінде таңертең су болмады. КСК дегеніміз күніге бір сылтауды айтады боулер дегенде ауыстыру керек дейді.

Тұрғындардың қордаланған мәселесі жетерлік. Соның бірі - жылу проблемасы. Автономды газмен жылынып отырған халықтың, ай сайынғы төлемі қалтасын әбден қаққан. Аядан бір бөлмеге 15 мың теңге жылуға беретіндерін айтты. Ал, келісім-шартта жылу бағасы шағын пәтер үшін 9 мың теңгенің шамасы деп көрсетіліпті.

Ғазиза МҮСЛІМОВА, НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Орталық жылуға қосу үшін әкімдікке де жүгірдік, "АстанаТеплоТранзитке" де бардық. Жеке тұлғаның атынан хат жібердік. "IQala-ның" атынан болмайды деген хат келді. КСК-ға керекті құжаттардың тізімін қосып, сіздер осындай құжат жіберу керексіздер деп жібердік. Бірақ, көріп тұрғандарыңыздай ол кісілер құжатты да толық жібермеген.

Асылбек ДАНИЯР, ТІЛШІ:


Тұрғындардың шырылдауына тағы бір себеп осы. Әр жауын жауған кезде және қар еріген сайын осы шатырдан су кететін көрінеді. Ал, КСК-дағылар болса бұл мәселені жай ғана шелек қойып шешпек болған.


Баспанның күтіміне жауапты тұрғын үй иелері корперативінің кеңсесіне де бас сұқтық. Алайда, жауапты адам сұхбат беруден қашты.

Қала бойынша дәл осындай проблема тағы 4 үйде бар. Бұны Алматы ауданы әкімдігіндегілер айтты. Ал, Қапал көшесіндегі үйдің мәселесінің шешілмеуіне халықтың 1 миллионнан аса қарызы себеп деп отыр. Жылудың проблемасын  биылдан қалдырмай шешуге уәде берді.

Ерлан СӘРСЕКЕЕВ, АЛМАТЫ АУДАНЫ ТІРШІЛІКТІ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:

Отын энергетикасы басқармасы арқылы бұл үйлерді ағымдағы жылы табиғи газға қосу мәселесін қарастырып жатырмыз. Осы мәселе шешіліп жатса, биыл Алла қаласа тұрғын үйлерді газға қосу жоспарланған.

ПИК жұмысына көңілі толмағандарға әкімдіктегілер бірер кеңес берді. Тұрғындар бірігіп, ауыстыруларына құқылы деді. Негізсіз тұрғындарға қарыз іліп қойса сотқа жүгіну арқылы шешілетінін жеткізді.

А. Данияр