Солтүстік Қазақстан облысында аш еліктердің көлік жолына шығып кетуі жиілеген. Аймақ тұрғындары соңғы кезде оларды көптеп кездестіретіндерін айтып отыр. Кейбірі мұны таспаға түсіріп, әлеуметтік желіде жариялады.
Желідегі жазбаларға қарағанда, жабайы жануарды байқағандар аз емес екен. Әсіресе орман тоғайларының маңайында жиі кездесетін көрінеді. Бұқараның айтуынша, еліктер тым арып кеткен. Сондықтан кейбірі жолдың бойына жем-шөп салынған қаптарды қойып жүр. Ал құзырлы органдар бұл құбылысты жауын-шашын мөлшерінің нормадан тыс түскендігімен түсіндіреді. Қалың қардың кесірінен жануарлар азыққа жете алмай жүр, дейді. Орман шаруашылығы инспекциясы қазір еліктерді жем-шөппен қамтып, орман арасындағы жолдарды аршуды қолға алған.
Олег БЕСПАЛОВ, СҚО ОРМАН ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ ЖАНУАРЛАР ӘЛЕМІ АЙМАҚТЫҚ ИНСПЕКЦИЯСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ:
Еліктер ай далада жүрмейді. Тек орман қасындағы жолдарға ғана шығып жатыр. Себебі, жол маңайында шөпке жету оңайырақ. Еліктер басын санау жұмысы наурыздың отызы күні аяқталды. Қазір жинаған мағлұматты жиыстырамыз.
А. Құрманкин