Русский Сайттың толық нұсқасы

Алматы әкімі қаланың қандай жағдайда жабылатынын айтты

  • AstanaTV
  • 02 сәуір 2021
  • 2107

Өткен тәулікте коронавирус жұқтырғандар саны 2 мыңнан асты. Науқастардың басым бөлігі Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларына тиесілі. Денсаулық сақтау министрлігінің дерегі осы. Дерттің дендегені ме? Коронавирустан қайтсек құтыламыз? Осы сұрақ шенеуніктердің басын қатырған сияқты. Өйткені қабылданып жатқан шектеу шараларының барлығы індетті жоюға қауқарсыз,- дейді Алматы қаласының әкімі. Шаһар басшысы блок-бекеттер қою жоспарда жоқ екенін тағы айтты. Тек денсаулық сақтау жүйесінің шамасы келмей, ауру жұқтыру көрсеткіші қиындаса қатаң талап енгізілуі мүмкін екен. Десе де, қазір COVID-19-дың мутацияға ұшыраған штаммы мегаполисте көбейген. Әкімнің дерегінше кеселдің "британдық" формасына шалдыққандардың саны 32-ге жеткен.

Бақытжан САҒЫНТАЕВ, АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ:


Қайта-қайта локдаун жасап, карантин жариялап қаланы жауып тастау, елді жауып тастасақ та бәрібір кетіп жатқан жоқ. Біресе көтеріледі, біресе түседі. Енді қазір "британдық" штамм деп жатырмыз "оңтүстік африкалық" штамм деп айтып жатырмыз енді бұның мутациясы әрі қарай кете береді. Ендігі жылдары, алдағы уақытта басқа да бір  мутациялар шығуы мүмкін.


Қазір эпид ахуалды бағалау матрицасына кірген аймақтардың саны 6-ға жетті. Еске сала кетейін, Президенттің қатысуымен өткен індетпен күрес жөніндегі кеңесте Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке жағдайды тұрақтандыру үшін 1 ай уақыт берген болатын.

А. Данияр