Русский Сайттың толық нұсқасы

Қарағандыда қылмыстық топ анықталды

  • AstanaTV
  • 02 сәуір 2021
  • 2570

Қарағандыда бүтін бір қаланы улауға жететін есірткі табылды. Облыстық полиция департаменті, қылмыстық топ мүшелерін арнайы операциямен қолға түсірді.

Тексеру барысында 4 бірдей есірткі зертханасы анықталды. Оның екеуі Қарағандыда, біреуі Ақмола облысында, енді бірі Павлодар қаласында орналасыпты. Қылмыстық топтың 4 мүшесі синтетикалық есірткі дайындап сатумен айналысқан. Топтың ұйымдастырушысы 30 жастағы қарағанды тұрғыны. Ол үй сатып алып, зертхананы есірткі жасайтын заттармен, қажетті құралдармен жабдықтаған. Сөйтіп өзге өңірлерге сатпақ болған. Заңсыз айналымнан қара базардағы құны 1 млрд 600 млн болатын есірткі тәркіленген.

Бақытжан ҚҰДИЯРОВ, ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСТЫҚ ПД РЕСМИ ӨКІЛІ:

Ақмола облысында топтың ұйымдастырушысы ұсталды. Санкцияланған тінту жүргізу барысында ұсталған азаматтан 3 кг дайын « мефедрон» есірткі заты және 35 литр сұйық заты, сондай-ақ 3 мың литр сұйық, 50 кг жаппай прекурсорлар алынды.

А. Қуаш