Русский Сайттың толық нұсқасы

Баспана бағасына кім тосқауыл болады?

  • AstanaTV
  • 02 сәуір 2021
  • 1722

Елде пәтер бағасы тағы да өсті. krisha.kz  сайтының дерегінше жыл басынан бері, қолданыстағы баспана құны 6 пайызға қымбаттапты. Алайда кей өңірлерде көрсеткіш 30 пайызға дейін жеткен. Әсіресе Ақтауда жылжымайтын мүлік бағасы рекордтық деңгейге жетті. Өсу динамикасы 27,7 пайызды құрайды. Үштікті Орал, Атырау қалалары жалғастырады. Сарапшылар баға бағынбай бара жатқанда, мемлекет оны тұрақтандыруы қажет деп санайды.

Бауыржан ЫСҚАҚОВ, ЭКОНОМИСТ:

Мемлекет егер де, мынау жерді алу кезінде немесе басқа да инфрақұрылымдарды құрылыс компания сатып алу кезінде оған бір, субсидия беретін болса, 30 пайызға дейін субсидияның жолдарын қарастыратын болса, ол үйдің бағасының өзіндік қымбаттамауына да әсерін тигізеді. Яғни мемлекет тарапынан шарттар қоя аламыз. Үйдің бағасын қымбаттатпау деген сияқты.

Тұрғын үй бағаларының тұрақсыздығы барлық өңірлерде байқалады. Мәселен, республикалық маңызы бар қалалар арасында Алматы қаласы көш басында. Қаңтар айымен салыстырғанда, баға мұнда 4 пайызға қымбаттаған.

Б. Сатуов