Русский Сайттың толық нұсқасы

Елімізде жеміс-жидек пен көкөністің қымбаттауына не себеп?

  • AstanaTV
  • 02 сәуір 2021
  • 3225

Елімізде көкөністер мен жеміс-жидектердің де құны қымбаттап кеткен. Мұны алматылық мен Шымкенттегі  сатушылар растап отыр. Олар бағаның өсуі тіпті картоп пен сәбізде де байқалады дейді.  

Алматылық зейнеткер көкөніс бағасының күннен-күнге қымбаттап жатқанына наразы. Ол картоп өнімінің бірден 80 теңгеге көтерілетінін күтпеген. Қария сәбіз бен алманың да бағасы өскен деп отыр.  

Софья ПЛАТОНОВА, ЗЕЙНЕТКЕР:

 
Әрине, бағаның өсуі өзім сияқты зейнеткерлерге қолайсыз. Себебі зейнетақы сол қалпы, ал азық-түлік бағасы қымбат. Әсіресе жеміс-жидек пен көкөністер құны шарықтап тұр. Мәселен бұған дейін картопты 150-180 теңгеден алып жүрдім. Қазір 250 теңгеге бірақ шыққан.


Саудагерлер де қымбатшылықтың кесірі бізге де тиді дейді. Өйткені бағаның құбылуына наразы тұтынушылардың қатары артыпты.

Хусан ХАЙДАРОВ, САТУШЫ:

Именно.. Бірқатар көкөніс пен жемістердің қымбаттағаны рас. Біз мұны өзімізше доллардың әсерінен бе топшылаймыз. Клиенттер саны азаймаймаса да олар өз наразылықтары білдіріп кетіп жатады.  

Ал Шымкенттік көтерме сауда базарынының саудагерлері бағада аса көп өзгеріс жоқ дейді. Дегенмен олар халықтың қалтасын қағып, бағасы шарықтаған азық-түлік тізімінде қызанақ пен қияр, анар сынды өнімдердің бар екенін айтты.

Айгүл АҚТАМБЕКОВА, КӨТЕРМЕ САТУШЫ:

Бір аптаның ішінде 10 теңге 20 теңге айырмашылық болып жатыр. Енді менің естуімше анар кішкене көтерілді деді. 100 теңге 150 теңге. Қалған товар сол қалпында тұр.

Бақыт ӘКІМОВ, КӨТЕРМЕ САТУШЫ:

Біз картопты Павлодар қаласынан алып келеміз, Қарағанды қаласынан әкелеміз. Оптом 170-165 тен беріп жатырмыз. Ресейлік картошкамыз бар , ол 150 теңге. Павлодар сәбізіміз бар -170 теңге. 175 -170 тен боладаы.

Саудагерлер бағаның көтерілуін қыстық қордың азайып жатқанымен байланыстырады. Ал, сарапшылар бұған дәлдалдарды кінәлайды.

Бекнұр КИСИКОВ, ЭКОНОМИСТ:

Делдалдар көп. Мына ортадағы сатушылар көп. Мысалға фермер өзінің продукциясын мына қалаға тікелей алып келуге мүкіншілігі жоқ. Фермердің бағасы 10 теңге болса бұл жерге келгенде 30 теңге болып кетуі мүмкін. Сондықтан мына посредниктерді алып тастау керек.

Дегенмен «Energyprom» сараптау агенттігінің зерттеуіңнше, қазақстандықтардың сұранысы артқан. Орташа алғанда, әрбір қазақстандық 2020 жылы жемістер мен көкөністерге 57 мың 200 теңге жұмсапты. Экономист мұның себебін де түсіндірді. Ет қымбаттаған соң, халық көкөніс тұтына бастаған дейді. Сәйкесінше сұраныс артқан сайын, баға да шарықтап тұр деп топшылады.

Ә. Лесбек