Русский Сайттың толық нұсқасы

"Nur Otan" партиясының сайлауалды бағдарламасын 14 республикалық қоғамдық кеңес бақыламақ

  • AstanaTV
  • 02 сәуір 2021
  • 1705

"Nur Otan" партиясының сайлауалды бағдарламасын бақылау үшін, республикалық 14 қоғамдық кеңес құрылды. Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру аясында партия қоғамдық кеңестерінің жұмысы жүйелі түрде қайта құрылымданды. Партия Төрағасының Бірінші орынбасары Бауыржан Байбек олардың жаңа төрағаларымен онлайн-форматта кездесі, олардың міндеті мен мақсатын түсіндірді.. Қоғамдық кеңестер - таратылған партиялық кураторлар институтының - орнына жұмыс істейтін болады. Олардың жұмысының функционалына бюджет қаражатын жұмсау мониторингі де кіреді. Елдің, өңірлердің және экономиканың нақты салаларының өзекті бағыттары бойынша, жоспарлар әзірленбек. Билеуші партия Төрағасының Бірінші орынбасары Бауыржан Байбек, қоғамдық кеңестер сарапшылар қауымдастығын өткір әлеуметтік мәселелерді ашық талқылауға тартуы тиіс екенін атап өтті.

Бауыржан БАЙБЕК, "NUR OTAN" ПАРТИЯСЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:

Халыққа берілген уәделердің толық орындалуын қадағалау үшін, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы барлық деңгейде қоғамдық кеңестер құру керектігін тапсырды. Сайлауалды бағдарламаларды бақылау үшін құрылған 14 кеңестің жұмысын сіздер басқарасыздар. Nur Otan-ның депутаттары халықпен тығыз қарым-қатынас орнатып, қоғамда көтеріліп жатқан өткір мәселелерге дер кезінде жауап беріп, сайлауалды бағдарламаның нақты әрі жіті орындалуын бақылауы тиіс.

Қазір кеңестер өз құрамын қалыптастыру бойынша жұмыс жүргізуде. Оған депутаттар, партияның белсенді мүшелері, сарапшылар, талдаушылар және қоғамдық пікір көшбасшылары кіреді. Осындай кеңестер өңірлік деңгейде де құрылатын болады.

Жұлдыз СҮЛЕЙМЕНОВА, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, "NUR OTAN" ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Еліміздің дамуына оң нәтиже беретін, барлық бағытты қамтитын қоғамдық кеңестің құрылуы алдағы уақытта біздің сайлауалды бағдарламаның да жүйелі жүзеге асатынына сенім білдіргім келеді.  


Ғ.Өтемісов