Алматыда полиция қызметкерлері, ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысы бар деген күдікке ілікті. Олар айыппұлды заңсыз есептен шығарып, мемлекетке 247 млн теңге залал келтірді. Қалалық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет, бұл ақпаратты БАҚ өкілдеріне растаған. Сотқа дейінгі тергеу барысында, 3 полицейдің есімі анықталған. Олар 2016-2020-шы жылдар аралығында, қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланған. Жол қозғалысын бұзуға байланысты туындаған әкімшілік айыппұлдарды заңсыз есептен шығарған. Енді олардың әрекеті Қылмыстық Кодекстің бірнеше баптары бойынша қаралмақ.
Ә. Лесбек