Үш күнде "адам саудасына" қатысты 62 іс тіркелген. Бұл туралы бүгін ішкі істер министрлігі мәлім етті. Құзырлылардың дерегінше, кәмілеттік жасқа толмаған қыздарды жөзекшелікке салу да етек алған. Ал, қара жұмысқа жегу фактісі азайыпты. Бұдан бөлек, осы тектес қылмыстарды ұйымдастыру жағдайлары да бар.
Шұғыла ТҰРЛЫБЕК, ҚР ІІМ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ ӨКІЛІ:
Жұмысқа жегіп, адамның бас бостандығынан айыру фактісі біреу, адам саудасы бойынша 3 дерек тіркелді. Тағы 10 факті жөзекшелікке тарту. Сорақысы онда кәмілеттік жасқа толмағандар да болған. Мәселен Солтүстік Қазақстан облысында полиция алты адамнан тұратын топты ұстады. Олар жарты жыл бойы Петропавлда жеңгетайлықпен айналысып келген.
Сондай-ақ, өткен 3 айда 800-ден астам есірткі қылмысы анықталыпты. Оның ішінде 602 сату және 163 аса ірі мөлшерде есірткі сақтау фактісі бар. Жалпы 1 тоннадан астам түрлі есірткі заты тәркіленген. Соңғы жылдары Қазақстанда психоактивті заттардың саудасы да белең алып келеді.
Берікхан НҰРҒАЛИЕВ, ҚР ІІМ ЕСІРТКІ ҚЫЛМЫСЫНА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСҚАРМА БАСТЫҒЫ:
Осы жылдың 1-тоқсанында жаңа психоактивті заттарды таратудың 369, оның 173 сату және 39 сақтау фактісінің жолы кесілді. Заңсыз айналымға 25 келіден астам есірткі жіберілген жоқ. Нұр-Сұлтан, Шымкент, Алматы қалаларында, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Алматы, Атырау және Ақмола облыстарында синтетикалық есірткінің ірі партиясы тәркіленді.
Ә. Өмірзақ