Русский Сайттың толық нұсқасы

3 милионнан астам қазақстандықтың жеке дерегі желіде жүр

  • AstanaTV
  • 05 сәуір 2021
  • 1987

Facebook-те, 3 милионнан астам қазақстандықтың жеке басына қатысты деректері ашық жарияланған. Мұндай ақпаратты Ұлттық қауіпсіздік комитетінің кибершабуылға қарсы әрекет ету қызметі анықтапты. Олардың зерттеу қорытындыларына сүйенсек, желі қолданушылардың аты-жөнімен қоса, тұрғылықты мекен-жайы, тіпті банк счеттары жарияланған. Құзырлы мамандар бұған алаңідаушылық тудырып отыр. Өйткені әлем бойынша 500 миллионнан астам адам, әлеуметтік желідегі деректері бойынша ақпараттық шабуылға ұшыраған.  Тіпті алаяқтардың арбауына түсу де ғажап емес деп отыр.

ҚР ҰЛТТЫҚ ҚАУІПСІЗДІК КОМИТЕТІ:

Қазақстанда дербес деректер рұқсатсыз жариялануына заңмен тыйым салынған. Алайда біздегі заң шетелдік алаңдарға қолданылмайды, сондықтан өз дербес деректеріңізді қорғау және зиянкестер тарапынан төнетін тәуекелдерін барынша азайту үшін әлеуметтік желілер мен мессенджерлердің отандық алаңдарын пайдалануды ұсынамыз.

Ғ.Өтемісов