Павлодарда картоп бағасы күрт қымбаттады. Өңірде көкөністің келісі 250 теңгеге жетті. Астықты өлкеде бағаның күрт көтеріліп кетуі, тұрғындардың наразылығын тудырды. Бұқара дүкендер мен базарларда бағаның бағынбай бара жатқанын айтты. Аймақта бұдан өзге қызылша, сәбіздің де бағасы күрт өскен. Қызылшаның бір келісі 250 теңге болса, сәбіз 200 теңгеден салып жатыр.
БЛИЦ:
- Картоптың бағасы 250 теңге. +В роде өзімізде өсетін картошка. Бірақ, басқа жақтан картошкаларын әкеліп сатады да. Неге екенін білмеймін.
- Картоптың бағасын көрдім. Мен өзім 220-дан алам. 280-дікі бар. Ондайға енді қарамаймыз. 220-нікін алам мен.
- Аналар пенсия қосты ғой. Содан соң шығар қымбаттап жатқан шығар.
Ал жергілікті шенділер бағаның өсуі қалыпты жағдай екенін айтты. Картоп сақталуы аса күрделі көкеніс болғандықтан, бағаның өсуі де заңды құбылыс - дейді. Десе де, атқамінерлер аймақта картоп тапшылығы жоқ – деп отыр. Тұрақтандыру қорында 850 мыңнан астам тонна картоп бар көрінеді. Сондықтан, алаңдауға да негіз жоқ - деп арқаны кеңге салып отыр. Ал базарлар мен дүкендердегі бағаны бақылау құзырымызға кірмейді – деп құтылды.
Талғат ДҰҒАЛОВ, ПАВЛОДАР ОБЛЫСТЫҚ САУДА ЖӘНЕ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ДАМУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ:
Павлодар халқы күніне 8-9 тонна шамасында картоп тұтынады. Босату бағасы 98 теңге. Бағаның өсуі өндірушілердің босату бағасымен байланысты. Және оны сатып алатын делдалдар бар. Осылайша, қымбаттап жатыр. Біз дүкендерді үнемі бақылаймыз. Олар 10 пайыздан артық үстемеақы қоспайды. Базарларда нарықтық баға болғандықтан, біз оған араласа алмаймыз.
Ө. Қуанар