Қызылорда оқыс жағдай орын алды. Өз ауласындағы кәріз құдығына, үй иесі абайсызда түсіп кеткен. Бірақ оны құтқару мүмкін болмапты. Тұрғын оқиға орнында қайтыс болды. Бұл жағдай қала іргесіндегі "Ягодка" саяжайында тіркеліп отыр. 1966 жылы туылған азамат тереңдігі шамамен 1 метр болатын кәріз құдығына құлап кеткен. Бірнеше күн жатып қалыпты. Өйткені үй ішінде ешкім болмаған дейді төтенше жағдай мамандары.
Нұрсұлтан ИБРАГИМОВ, ӨРТ СӨНДІРУ ЖӘНЕ АВАРИЯЛЫҚ ҚҰТҚАРУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚЫЗМЕТІ ММ-НІҢ БАСТЫҒЫ:
Қазіргі таңда ол мәйіт ІІМ-не өткізілді. Себебі анықталуда қазіргі таңда. Түсіп кеткен уақыты 4-5 күннің шамасын құрайды. Оны экспертизалар анықтайды.
М. Тоқтасынқызы