Русский Сайттың толық нұсқасы

Павлодарда тұрғындар көп қабатты үй жанынан үй салуға қарсылық білдірді

  • AstanaTV
  • 06 сәуір 2021
  • 1839

Павлодарлықтар көпқабатты тұрғынүй жанынан құрылыс бастауға қарсылық білдірді. Айтуларынша, үйдің ауласы тым тары болғандықтан, балаларға ойнайтын алаң, көліктерге тұрақ қалмайды. Бұрын бұл аумақта жеке меншік автотұрақ болыпты. Көлік тұрағының қожайыны жерді басқаға сатып жіберген. Енді жаңа қожайын аула ішіне жатақхана салмақшы болып отыр. Ал тұрғындар бұған үзілді-кесілді қарсы.

Нұрқасым ДАРИМОВ, ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Үй салса симаймыз ғой мына жерге біз 12 этаж үлкен үй. Мына жердің бәрі тары бізге қаншама халық. Кешке жақын машинамызды қоятын жер жоқ мына жерде. Оның территориясы жоқ ғой. 6 соттық жер. Менің 6 соттық дача жерім болған. Сондай ғана жер. Оған қалай үй салады білмеймін или общежите салады соған түсінігім жоқ.

Светлана ГРЕБЕНЩИКОВА, ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Бұл жерге үй салу заңсыз. Өйткені, құрылыс нысаны үйдің жанынан алыста тұру керек. Егер ертең өрт бірдеңе болса, тіпті, өрт сөндіру көлігі келе алмайды бұл жерге. Сондықтан, біз қарсымыз. Сосын мұнда құрылыс салынса, балалардың ойнайдың алаңы да қалмайын деп тұр.

Ал Павлодар қаласының әкімдігі жердің жеке меншікке берілгенін растады. Алайда, жер иесі мұнда құрылыс жүргізуге рұқсат алмапты. Құрылыс басына жиналған тұрғындарға келген жер учаскесіне жауапты маман да құрылыс салынбайды – деп тұрғындарды сабырға шақырды.  

Талғат ЖАНШУКОВ, ҚҰРЫЛЫС КОМПАНИЯСЫНЫҢ ӨКІЛІ:

Әзірге бұл аумаққа ештеңе салынбайды. Ешқандай жоба жасалынған жоқ. Бұл жердің иесі мен емеспін. Бізге тек осы аумақты ретке келтіру керек - деп тапсырма берді. Біз соны ғана орындап жатырмыз.  Ал қожайын не істейтінін мен білмеймін. Үй салынады деген жоспар жоқ.


Ө. Қуанар