Астананың Сарыарқа аудананың өзінде биыл 86 өрт оқиғасы тіркелген. Бұл былтырғыдан 10 пайызға аз. Дегенмен, жылыту маусымы кезінде қауіпсіздік ережелерін естен шығаратындар бар. Сондықтан Елорданың төтенше жағдай қызметкерлері ескерту жұмыстарын бастады. Сарыарқа аудандағы 22 мыңнан астам үйдің өрт қауіпсіздігі тексерілді. Ережелерді елемегендерге ескерту жасалды. Өрттің алдын алу нұсқаулығы тартылып жатыр. Өйткені жеке тұрғын үй секторында тұратындар от жағу ережелерін сақтай бермейді, - дейді мамандар. Ал Астанада күн суытқандықтан, пеш жағу маусымы ерте басталуы мүмкін.
Қуаныш Тоқсарин, Астана қалалық Сарыарқа ауданы төтенше жағдай басқармасының басшысы:
Қыркүйек
айында өрт қауіпсіздігі айлығы өтіп жатыр. Осы іс-шараларда біз
жеке меншік тұрғын үйлерге өрт қауіпсіздігін сақтау ережелерін жеткіземіз.
Пешті қалай пайдалану керек екендігін жеткіземіз.