«Nur Otan» партиясының Шымкентегі қалалық филиалына былтыр жергілікті халықтан түскен 25 мыңнан астам өтініштің 70 пайызы оң шешімін тапқан. Өзгесіне заңға сәйкес түсінік беріліпті. Бұл жайында Партиялық бақылау комиссиясы мен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Қоғамдық кеңес өкілдері бас қосқан жиында белгілі болды. Тараптар өткен жылы атқарылған жұмыстарды қортындылады. Үшінші мегаполистегі Азат, Таскен шағын аудандарындағы коммуналдық проблемалардың шешілуін билік партиясы бақылауға алған. Қазір Азаттықтар жол мен ауыз су азабынан құтылып, жарық пен газ біртіндеп кіргізіліп жатыр. Ал Таскен шағын ауданында бес көшеге асфальтталып, тротуар төселіпті. Сонымен қоса 1 695 үй сапалы электр энергиясына қол жеткізген.
Гүлжамал ИСАЕВА, ШЫМКЕНТ қ. ТАСКЕН ШАҒЫН АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:
Қазір міне көріп тұрсыздар, өте үлкен трансформаторлар қойылып, жекеменшікті білесіздер, жеке меншіктің күні қараң еді, бағалары қымбат төлейтін. Одан қалса бұзылып жатса ешкім көмек беріп жөндемейтін. Өз қалтамыздан жұмыстарын өткізіп әйтеуір өлместің күнін кешіп жарық алып отыратын едік. Міне, Аллаға шүкір бұл да қазір өкіметке қосылып, жарықтарымыз жақсарып, халық риза болып отыр.
Жиында қаладағы құрылыс жұмыстарын сапалы әрі өз мерзімінде жүргізген мекеме басшылары арнайы марапатталды. Бұл азаматтар Водопьянов көшесіндегі баспанасы өртенген 42 отбасын үймен қамтуға үлес қосқандар. Карантин талаптарына сәйкес, көпшілік өз алғыстарын онлайн жеткізді. Жалпы партияның қоғамдық қабылдауына жүгінушілер қатары биыл да аз емес екен. Филиал төрағасының бірінші орынбасары Жанар Бектаеваның баяндауынша үш айдың өзінде 1 645 өтініш түсіпті, соның 46 пайызы шешімін тапқан.
Жанар БЕКТАЕВА, «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ ШЫМКЕНТ қ. ФИЛИАЛЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:
«Nur Otan» партиясына келіп түскен әрбір өтініш халықтың талап-тілегі ескерусіз қалмайды. Оның барлығын біз бақылауда ұстаймыз. Уақытылы мерзімінде болуын қадағалаймыз. Жақында ғана бізге көпбалалы әйелдердің мәселесі де қаралып, шешіліп бүгін қаулысы шықты. Осының тездету жолын, ұсыныстар жолдап, әрқашанда өз бақылауында ұстайды.
А. Төребекқызы