Русский Сайттың толық нұсқасы

Оралда дүкен тонаған қарақшылар, кассирді ұрлап кетті

  • AstanaTV
  • 09 сәуір 2021
  • 2815

Оралда тапа-тал түсте дүкен мен валюта айырбастау пунктін тонап кетті. Қылмысқа тыңғылықты дайындалған қарақшылар, құдды голливуд фильмдеріндегідей кассирді ұрлап әкеткен. Бірақ қылмыскерлер ұзаққа бармады.

Жұмысқа бара жатқан кассирді ұрлап әкеткен қарақшылар оны қорқытып, ғимараттағы дабыл қондырғысын  ажыратқызып тастаған. Осылайша дүкен кассасынан 75 мың теңге, ақша айырбастау пунктінен бір жарым миллион теңге мен қомақты шетелдік валютаны олжалапты. Тіпті кассирдің жеке заттарын да алып кеткен. Бейнебақылау камералары арқылы күдіктілердің бағытын тексерген полиция олардың көлігі тіркеуде жоқтығын, әрі жалған ресейлік нөмір тағылғанын анықтады. Үш күдіктінің екеуі - Ақтөбе облысының тұрғындары. Олардан айғақ заттар тәркіленді.

Нұрлан БИСЕНОВ, ОРАЛ қ. ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫ БАСТЫҒЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:

Аталған азаматтар басқа да қаламызда орын алған, бұрын жасалған қарақшылық шабуылдарға, тонауларға қылмыстарға тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Негізгі уақытта ҚР ҚК 192-бабы 2-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Аталған азаматтар сот санкциясымен екі айға қамауға алынды.

Полиция сатушыны қорқыту үшін қолданылған тапаншаның, ойыншық екені анықтаған. Қазір дүкен бұрынғыша жұмысын жалғастырып жатыр. Ал ақша айырбастау пункті осы оқиғадан кейін жабылып қалыпты.

Е. Карин