Русский Сайттың толық нұсқасы

Жамбылдағы кәсіпкерлердің ісін дөңгелетуде кедергілер көп

  • AstanaTV
  • 07 қыркүйек 2017
  • 2715

Жамбылдағы кәсіпкерлердің ісін дөңгелетуде кедергілер көп. Шаруалардың айтуларынша, субсидия алу үшін ұзын-саны 26 құжат жинауы шарт. Бұл жайында олар бүгін «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалында өткен бизнес өкілдерінің басқосуында айтты.

Жиын «Кәсіпкерлік саласында мемлекетке тән емес функцияларды бәсекелестік орта мен өзін-өзі реттеу ұйымдарына беру» тақырыбына арналған. Бүгінде мемлекет мойнындағы міндеттемелер мен қызмет түрлерін бәсекелестік ортаға беру мәселесі бұған дейін де көтерілген. Осы бастама бойынша заң жобасы да әзірленіп жатқаны белгілі. Бұл заң жобасы «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 97-ші қадамын қамтиды. Яғни онда Елбасы мемлекетке тән емес жұмыстарды өзін-өзі реттеуші ортаға беру туралы тапсырма берген болатын

Жигули Дайрабаев, «Нұр Отан» партиясы жанындағы аграрлық комиссия мүшесі, облыстық фермерлер одағының төрағасы:

Бізде бюрократтық әр түрлі келеңсіз кедергілер көп шаруаларға. Мәселен, несие алу мәселесіҰлттық банк береді ол ақшаны. Ең төмендетілген пайызбен береді. Олар алып келеді де сол ақшаны өздері бизнес жасайды. 25 пайызға дейін, 25 пайызы бер жағы. Біз өзіміз де алдық қой, ол көп суммада шығады. Сондықтан, біз айтып отырған мәселеміз, еңбек адамын әуре-сарсаңға салмай, осының бәрін топтастырып, бірыңғай аграрлық банк түрінде ұйымдастыру керек.