Русский Сайттың толық нұсқасы

Азық-түлік бағасын тежей алмаған шенеуніктерді жазалау туралы ұсыныс жасалды

  • AstanaTV
  • 12 сәуір 2021
  • 2516

Бағаны тежей алмаған шенеуніктер жазалана ма? Бүгін Үкімет отырысында әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасы негізсіз өскен аймақтардың аты аталды. Үкімет басшысы Асқар Мәмин, әсіресе Атырау мен Жамбыл облыстарының әкімдерінің орынбасарларына қатаң сөгіс беру туралы ұсыныс жасады.

Үйдегі көңілді базардағы баға бұзып тұр. Атыраулық Кәкима Қайыржанова ет пен балықты айтпағанда, күнделікті тұтынатын азық-түліктерді үнемдеуге көшкен. Әйтпесе қара нанды алудың өзі қиындап бара жатқанын айтып отыр.

Кәкима ҚАЙЫРЖАНОВА, АТЫРАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:


Қара шай ішем, менің өзім ақ су ішем кейде.  Балаларға жетсінші деп сүтті экономдаймын. Күнкөріс өте қиын. Расында да. Тұрақтандырмайды. Бүгін келсең басқаша, ертең келсең басқаша ешқандай тұрақтылық жоқ.

Рас. Тұрғындар бағаның ырық бермей бара жатқанына наразы. Статистика мамандары қаңтардан бері баға тек көтеріліп жатқанын мойындайды. Әсіресе, жұмыртқа мен күнбағыс майы, картоп пен жуа бағасын өзгертіп үлгере алмай жатқандарын айтты.  

Клара ОРАЗОВА, АТЫРАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:


Тамақтың бәрі қымбат. Не қымбатсиды деген жоқ. жұмыртқасы да, картобы да, жуасы да бәрі ұшынып жатыр.


Зәуре БАЙМҰҚАШЕВА, ҰЛТТЫҚ СТАТИСТИКА БЮРОСЫ АТЫРАУ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСҚАРМА БАСШЫСЫ:

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы жыл басынан бері өсімі байқалды. Оның ішінде көп өсім басты пиязға 14,9 пайызға,  картоп 11,5 пайызға. Күнбағыс майына 9,4 пайызға, құмшекер 7,7 пайызға,  жұмыртқа 5,2 пайызға өскен.
 
Таразда да жағдай - осы. Базардағы бұқараның айтуынша азық-түлік бағасына шенеуніктер бас ауыртпайтын болған.  

БЛИЦ:

- Халыққа ешқандай көмек жоқ. Бір пенсия түкке жетпейді. 3500 5 литрлік май.  Қай жаққа барады сонда. Халық қайтіп күнін көреді. Ешкім ешкіммен шаруасы жоқ. халық қанша айтса да ештеңе өзгермейді.

- Майымыз 4 мыңға жақындап. Ұнымыз қымбат. Оразада жейтін тағамдар бәрі қымбат. Ойбай қараймыз, түсіреміз бағаны дейді. Еш өзгеріп жатқан жағдай жоқ.


Аймақтардағы азық бағасы, Үкімет қарайтын деңгейге жеткен. Үкімет басшысының бірінші орынбасары Әлихан Смайылов, Асқар Мамаиннен Жамбыл және Атырау облыстары әкімдерінің орынбасарларына қатаң сөгіс беру туралы ұсыныс жасады. Атырау облысы әкімінің орынбасары Қайрат Нұрлыбаев, бұл жайсыз хабардан естіген. Бірақ қазір короновирус инфекциясынан ем алып жатқанын айтты. Алайда өзіне тағылған айыппен келіскісі жоқ.

Қайрат НҰРЛЫБАЕВ, АТЫРАУ ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:

Біз тиісті жұмыстарды атқарып жатыр ел қатарлы. Жәрмеңке өткізіп жатырмыз. Қазір халық жәрмеңкеге де үйренді. Ондағы бағаны ұстап жатырмыз. 15 түрлі бағаны ұстап жатырмыз. Оның ішінде бірақ жұмыртқа мен қантқа, өсімдік майына үшеуіне  сыймай қалып отырмыз.


Қос шенеуніктің тағдырын, енді аймақ басшылары шешетін болады. Бүгінге ешқандай шешім қабылдамаған. Айта кетейік, сауда және интеграция министрлігінің дерегінше жыл басынан бері әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы 3,2 пайызға өскен.  

Б. Надірқызы