Русский Сайттың толық нұсқасы

Қазақстанда кедейлердің саны артып жатыр

  • AstanaTV
  • 12 сәуір 2021
  • 1115

Қазақстанда кедейлердің саны артып жатыр. Finprom.kz аналитикалық порталының зерттеуі осыны көрсеткен. Сонымен бірге байлардың да қатары көбейген. Яғни топ-10 елдің тізіміне еніп үлгердік.  Кірісі күнкөріс деңгейінен төмен адамдар 20% өсті. 2020 жылдың соңғы тоқсанында кедей отбасылардың саны 12%-ға көбейген. Ел ішінде 858 мыңнан аса адам осы тізімде тұр. Бұл көрсеткіш жыл сайын артып келеді. Сонымен бірге 30 мыңға жуық адамның кірісі азық-түлік себетінің құнына да жетпейді. Бұлар негізінен Алматы, Түркістан және Шығыс Қазақстан облыстарының тұрғындары.

А. Данияр