Русский Сайттың толық нұсқасы

Алматылықтар жарық пен жол мәселесіне шағымданды

  • AstanaTV
  • 12 сәуір 2021
  • 1659

Қаланың қақ ортасында тұратын алматылықтар, жиналған лас судан арыла алмай жүр. Ақсай – 4 шағынауданының тұрғындары, Nur Otan партиясының республикалық қоғамдық қабылдауына шағым айтқан. Айтуларынша, аулада ешқандай құбыр тартылмаған. Соның кесірінен жауын жауса, балалар алаңқайы көлге айналады деп отыр. Біздің тілшілеріміз оқиға орнына барып, олқылықтарды көзбен көріп келді. Сөйтсек, мұнда көше жарығыда шешілмеген. Жол бойындағы асфальт төсеніші де қалалықтардың жүйкесін тоздырыпты.

Ғазиз СМАҒҰЛОВ, АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:


Талабымыз, мынау осы жердің бәрі көл болып кетеді. Анау жерге дейін, сасып тұрады ешқайда ақпайды ғой, талабымыз әкім өзінің айтқан уәдесін орындасын.  


Дәл қазір осы мәселеге қатысты Алматы қаласының атқамінерлерімен хабарласып көрейік. Мұхтар Әуезов ауданы, Көріктендіру бөлімінің бас маманы Әлімжан Саяхметов бізбен байланысқа шығуға дайын екен. Әлімжан мырза, қайырлы кеш! Тұрғындардың базынасын естідіңіз, мәселе неліктен әлі күнге шешілмей келеді?

Әлімжан САЯХМЕТОВ, АЛМАТЫ қ. М.ӘУЕЗОВ АУДАНЫ КӨРІКТЕНДІРУ БӨЛІМІНІҢ БАС МАМАНЫ:

Бұл мәселе аудан әкімдігінің назарында. Барлық жұмыстар жүргізіліп жатыр. Жарық бағандарын орнату басталып кеткен.

Тұрғындардың айтуынша, тек құбыр мәселесі ғана емес, жарық пен жолдың ахуалы да мәз емес көрінеді. Бұл түйіткілдер қашан шешілмек?

Әлімжан САЯХМЕТОВ, АЛМАТЫ қ. М.ӘУЕЗОВ АУДАНЫ КӨРІКТЕНДІРУ БӨЛІМІНІҢ БАС МАМАНЫ:

Ал жолға асфальт төсеу үшін қазір қаржы бөлу мәселесі қарастырылып жатыр. Жұмыстың қашан аяқталатыны қаражат бөлінгеннен соң белгілі болады.

Әлімжан мырза сұхбатыңызға рақмет. Бұл мәселе сөз жүзінде қалмайды деп сенейік. Бізде бұл проблеманы өз бақылауымызға аламыз. Қадірменді көрермен, «Телефон» айдары қайта эфирге оралды. Егер сізді де алаңдатқан өзекті мәселе болса, экранда көрсетілген байланыс нөміріне хабарласуыңызға болады. Біз сізбен бірге тікелей экранда жауабын іздейтін боламыз.

Ғ.Өтемісов