Жанар-жағар май бағасы тағы өсуі мүмкін. Арнамызға сұхбат берген экономист Сергей Смирнов осыны айтты. Жыл басынан бері жоғары сұранысқа ие, АИ-92 маркалы бензин бағасы шамамен 20 теңгеге өскен. Парламент депутаттары бұл мәселеге бүгін Үкімет назарын аударды. Олар бағаны тұрақтандыруға шақырады. Тақырыпты әріптесім Әлішер Өмірзақ тарқатады.
Жыл да, көктем келе жанар-жаңар майдың бағасы көтеріледі. Энергетика министрлігі мұны импортқа тәуелділікпен, мұнай өңдеу зауыттарындағы жоспарлы жөндеу және техникалық апат салдары деп түсіндіреді. Ішкі нарықта мұнай өнімдерінің бағасы реттелмейді, нарық бағаны сұраныс пен ұсыныс негізінде айқындайды. Ал бұл қарапайым халықтың қалтасына салмақ болуда.
САУЛАНАМА:
- Әрбір адам көтере алмайды ғой. Көлемі үлкен машиналар да бар.
- 75 мың аламын, күзетшімін. Қымбат, сол үшін осылай таксист болып тұрамыз.
- Бензин 100 тг болған кез есімде. Қазір қымбаттап жатыр, неге екенін білмейміз. Бензинмен бірге барлығы қымбаттап жатыр.
Мәселен жыл басында АИ – 92 маркалы бензиннің литрі 150 тг болса, қазір бас қалада 170 теңгенің үстіне шықты. Алматыда 168, ал Ақтауда 172 теңгеден сатылып жатыр. Мұнай астанасы - Атыраудың өзінде 200 теңгеге жуықтаған. Осына айтқан мәжілісмен Альберт Рау, бағаны тұрақтандыруды талап етті.
Альберт РАУ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, "NUR OTAN" ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:
Бензин бағасының өсуі туралы жаңалықтардан айтқаннан кейін, энергетика министрлігі жанар-жағармай материалдарының құнын көтеруге департамент жауапты емес деген хабарлама таратты. Бұл, бір сөзбен айтқанда, тиісті ведомствоның оғаш ұстанымын, бензин бағасының көтерілуіне қатысты тиісті стратегия мен тиісті шаралардың жоқтығын айғақтайды. Үкіметке жанар-жағармай нарығындағы жағдайды тұрақтандыру бойынша жедел шаралар қабылдау қажет.
Экономист Сергей Смирновтың пайымынша бензин бағасының өсуіне бірнеше себеп бар. Соның бірі ірі компаниялардың өзара уағдаласып алуы болуы мүмкін деді. Ол баға өспесе, кемімейтінін айтты.
Сергей СМИРНОВ, ЭКОНОМИСТ:
Нарықта негізінен 5 үлкен компания. Олар бағаға қатысты өзара уағдаласып алу мүмкін. Тағы бір себеп – теңгенің құлдырауы. Мұнай өңдеу зауыттары қажетті техниканы шетелден алады. Теңге әлсіз болған соң олар үшін қымбатқа түседі. Ал 2025 жылы Еуразиялық экономикалық одақта бірыңғай энергетикалық нарық қалыптасады. Біздегі АИ -92 - 170 теңге болса, Ресейде 250 теңге. Ортақ баға болу үшін, қымбатына теңестірген пайдалы.
Ал 2025 жылы Еуразиялық экономикалық одақта, бірыңғай энергетикалық нарық қалыптасады. Одаққа мүше елдер ортақ бағаны бекітуге тырысады. Сондықтан алдағы жылдары жанар-жағармай қымбаттамаса, арзандауы екіталай.
Ә. Өмірзақ