Елде алдағы бес жылда 103 млн шаршы метр баспана салу жоспарланып отыр. Бір ғана «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында биылдың өзінде 17 млн. шаршы метрді құрайтын баспан құрылысы жүргізілмек. Бұл туралы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрілігі айтты. Алайда қарқыны күшті құрылыстардың сапасына кім жауапты? Бұл сауалға әріптесім Бекболат Сатуов жауап іздеп көрді.
Мына кадрларды елордалық Айгүл Ардагер әлеуметтік желіде жариялаған. Ол осы қалай болса солай жасалған пәтерді мемлекеттік "Нұрлы Жер" бағдарламасымен 14 жылға жеңілдетілген несиеге рәсімдеп алғанын айтады. Жауаптылар болса мұндай кем кетік болып тұратынын жасырмады. Дегенмен олқылықтың орнын толтыруға ниетті. Бірақ сапасыз салынды дегенмен келіспейді.
Бекзат САМАТҰЛЫ, ЖШС ЖЕТЕКШІСІ:
Нұрлы жер бағдарламасы бойынша салынып жатқан, пәтерлердің сапасы жаман деп айтуға болмайды. Қандайда бір қиындықтар туындаған болса, яғни ескертулер болған болса, тиянақты, нақты шешімдер тауып орындалады.
Сапа өз алдына, жылжымайтын мүлік бағасы шарықтап тұр. Өткен 4 айда баспана бағасы 17 пайызға қымбаттаған. Мұның себебін мамандар былай түсіндірді.
Лаззат ИБРАГИМОВА, «ОТБАСЫ БАНК» АҚ БАСҚАРМА ТӨРАЙЫМЫ:
Мысалы 2020 жылы өңделген ағаш құны әлемде 2,2 есеге шарықтап кетті. Шайыр бағасы 45 пайызға, мыстың құны 27 пайызға, болаттың бағасы 13 пайызға қымббатады.
Алайда министрлік бағаның бұлайша құбылуы, алдағы маусым айларында тұрақтаулы мүмкін деп топшылады. Ал бағаны біржолата тұрақтандыру үшін ішкі өнімді дамыту қажет деді. Айтпақшы, ауылда үй салатындарға жағдай жасалмақ. Мемлекет өз қызметкерлеріне ауылдан баспана салған жұмыс берушілерге, құрылыс шығындарының 50 пайызын субсидияланатыны белгілі болды.
Б. Сатуов