Русский Сайттың толық нұсқасы

Атыраулық полицей пәтер ішінде қалған бүлдіршінді құтқарды

  • AstanaTV
  • 15 сәуір 2021
  • 2045

Атыраулық полицей пәтер ішінде жалғыз қалған бүлдіршінді құтқарды. Бұл оқиға түңгі сағат бір жарым шамасында болған. 102 нөміріне қоңырау шалған әйел адам, көліктегі азық-түлікті алып кетуге шығып, кері оралғанда есіктің құлыпталып қалғанын хабарлапты. Ал пәтер ішінде 7 жастағы қызы, жалғыз қалғанын айтқан. Әрі ондағы газ пешінде тамағы қосылып қалғанын айтып, көмек сұраған. Оқиға орнына полицейде келіпті.

Жас полицей ойланбастан қолдағы бар құралдармен 3-ші қабаттағы пәтерге, үстінгі қабаттағы көршінің балкон арқылы түсуге шешім қабылдайды. Көршілердің көмегімен беліне төсек жабындысын байлап, тәуекелге барады.

Әлібек ҚАЙЫРҒАЛИЕВ, АТЫРАУ №1 ҚАЛАЛЫҚ ПОЛИЦИЯ БӨЛІМІ ЮВИНАЛДЫ ПОЛИЦИЯ ТОБЫНЫҢ  ПОЛИЦЕЙІ:

4 этаж балконынан  төсек жабындысымен, троспен 3інші қабатқа түсіп,  қыз баланың жасөсіпірмінің аман-есендігіне көз  жеткізіп, есікті анасына ашып бердім. Мақсат қыз баланың амандығы болды сол мақсатта өзімнің жұмысымымды атқару барысында еш нәрсе ойланбадым.

Полицей пәтер ішінде бүлдіршіннің алаңсыз ұйықтап жатқанын байқаған. Ол төрт жылдық тәжірибемде мұндай жағдай алғаш рет кездесті,- деп отыр. Абырой болғанда бәрі оңынан болып, айналдырған 15 минутта отбасы мүшелері қайта қауышты.

Б. Нәдірқызы