Русский Сайттың толық нұсқасы

Пандемия басталғалы 29 мың адам көшіп кеткен

  • AstanaTV
  • 15 сәуір 2021
  • 1719

Пандемия басталғалы мемлекеттер арасындағы шекара шектеулері бола тұра, 29 мыңнан астам адам Қазақстаннан көшіп кеткен. Оның жартысына жуығы қандай бір мамандық иелері. Ranking.kz. хабарлауынша бұл көрсеткіш 2019 жылмен салыстырғанда шамамен 35 пайызға аз. Жалпы 2014-ші-2019-шы жылдар аралығында, қоныс аударушылардың қатары артқан. Келушілер керісінше азайыпты. Былтыр Қазақстанға қоныс аударғандар 11 мыңнан асқан. Бұл 2019 жылғы көрсеткіштен 6,6 %- ға аз. Ал, шекара асқандардың 15 мың 600-і қандай бір мамандық иелері. Бұл Қазақстанға келген мамандар санынан 3 жарым есе көп. Жалпы 2020 жылы елден кеткендердің көбі техникалық мамандық иелері, одан кейін экономистер мен педагогтар болып отыр. Олардың көбі Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Қостанай облыстарынан көшкен. Ал келушілердің дені Шымкент қаласы мен Маңғыстау, Түркістан облыстарын таңдаған.

А. Қуаш