Русский Сайттың толық нұсқасы

Шымкентте мектептің жеке меншік иелігіне берілуіне ата-аналар қарсы

  • AstanaTV
  • 15 сәуір 2021
  • 3384

Шымкентте білім ошақтарының жекеменшікке берілуіне, ата-аналар қарсы. Жеке адамның ақшасына салынған дүние болғасын, ондағы білім ақылы болады дейді наразы топ. Бүгін қаладағы № 79 жалпы орта білім беретін мектептің ұжымы БАҚ өкілдерін шақырды. Бірақ түсіру тобымен тілдесуге мұғалімдердің өзі шықпады. Басшылық рұқсат етпеген көрінеді. Есесіне, мұғалімдердің шақыртуымен келдік деген ата-аналар өз ойларын бүкпесіз айтты. Білулерінше, алдағы оқу жылынан бастап құрылысы аяқталатын жаңа мектепте білім ақылы берілмек екен. Бұған осы төңіректе тұратын көп балалылар мен тұрмысы төмен отбасылар мүшелері келіспей отыр.

Айдын АЛАШЕВА, ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:


Частный болады деді, мұғалімдер айтты. Үш айдан кейін бала уже тест тапсырады екен. Тест тапсырғаннан кейін өтсе қалады, өтпесе уже өзі біледі да ата-ана, одан кейін біз қай жақа апарамыз балаларды?!Ақшаң бар болса қаласың, ақшаң жоқ болса қалмайсың, сондай боп тұр. Бір балаға 30 мың қай жақтан тауып береміз?! 30 мыңнан 120 мың болып тұр есептесем мен төрт балама.

Людмила КОВАЛЕНКО, ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Неліктен мемлекеттік мектепті жекеменшікке бермекші? Бізде заң жоқ па немене...Жартылай тегін, жартылай ақылы депті. Бұл жердің мұғалімдері керемет, білімдері де тамаша. Мен сол үшін баламды осында бергенмін. Жаңа қожайын, жаңа басшылық келсе бәрі ауысатыны айтпаса да түсінікті. Жекеменшік мектеп салғысы келсе басқа жерге барсын да сала берсін.

120 жылдық тарихы бар ескі мектептің орнына үш қабатты ғимарат, инвестор есебінен салынып жатыр. Білім басқармасының басшысы тозығы жеткен мектептің жеріне жекеменшікке рұқсат берілгенін көлденең тартты. Ал құрылысты қыздырып жатқан құрылтайшы ата-аналар мен ұжымның даурығуына негіз жоқ деді. Бұған дейін үш жекеменшік мектеп ашқан бизнесмен қайта үздік оқушыларға стипендия, білікті мұғалімдерге тегін жолдама беруді жоспарлап қойған. Тек үйірмелер ғана ақылы болатынын айтты.  Айта кетейін, аталмыш мектепте 900-ге жуық оқушы, 85 мұғалім бар.

Низамхан СУЛАЙМАНОВ, ҚҰРЫЛТАЙШЫ:


Апатты жағдайдағы мектеп еді. Соны әкімшілік маған шақырып, Сіздің тәжірибеңіз бар, сол мектепті салсаңыз деп маған тапсырма берді. Менің бұл төртінші мектебім болады. Ақысыз білім алады. Бұл көп жылдарға барады, 20 жыл ма, 30 жыл ма, 40 жыл ма соған дейін бара береді құдай қаласа. +Мектеп ұжымы ауыспайды. Жүз пайыз мектеп мұғалімдері, техник қызметкерлер барлығы сол мектепке өте салады. –ал директор? - директор зам директор боп өтеді.

А. Төребекқызы