Русский Сайттың толық нұсқасы

Ертіс өзенінің алқабындағы аумақ кері қайтарылатын болды

  • AstanaTV
  • 15 сәуір 2021
  • 1569

Павлодарда жекенің қолына өтіп кеткен, "Ертіс" өзенінің алқабындағы жер, кері қайтарылатын болды. Күні кеше ғана арнамыздан орманшылардың өздері күзететін орманға өте алмай жүргенін көрсеткен болатынбыз. Бұған қалалық су арнасының жерді меншіктеп алып, шлагбаум қойып тастауы себеп болған. Соның кесірінен орманшылар өздері қорғауға міндетті аумаққа өте алмай шу көтерген еді. Ерекше қорғалатын аймақтың қоршауға алынғанына балықшылар да қарсы болды. Олар бүтін бір өзен алқабындағы бұл келеңсіздікке кім жол бергенін анықтауды талап етті. Қоршау салып тастаған қалалық су арнасы ешкімге бөгет жасап жатқан жоқпыз деп ақталған еді. Алайда, сот олардың жерді алуда заң бұзушылыққа жол бергенін анықтады.

Маржан ҚҰРМАНҒАЛИЕВА, ПАВЛОДАР ОБЛЫСТЫҚ СОТЫ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ МАМАНЫ:

Павлодар облыстық сотының 2021 жылғы 13 сәуірдегі қаулысы бойынша «West-Квазар» ЖШС-не жалға берілген жер учаскесінің келісім шарты жарамсыз - деп танылды. Қаулы заңды күшіне енді.

Ө. Қуанар