Русский Сайттың толық нұсқасы

Елде өзін-өзі жұмыспен қамтығындар 37 мыңға азайған

  • AstanaTV
  • 15 сәуір 2021
  • 1532

Өткен жылы өзін-өзі жұымспен қамтығандар саны 37 мыңға азайған. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ержан Біржанов мәлімдеді. Ол еңбек нарығына пандемия айтарлықтай зиян келтіргенін айтты. Соған қарамастан, жұмыс күшінің саны 9,2 млн адамды құрайды-,деді. Жалдамалы жұмысшылар саны да едәуір артқан. Министрдің орынбасары елдегі экономикалық ахуалдың күрделілігіне қарамай жұмыссыздық деңгейін тұрақты сақтап қалуға көп күш жұмсалды деп отыр.

Ержан БІРЖАНОВ, ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:


2019 жылдың 4-тоқсанында уақытша жұмыс істейтіндердің саны 99 мың адам болса, 2020 жылдың 2-тоқсанында олардың саны 536 мың адамға жетті. «Бірақ, тиісті іс-шараларды қолданудың арқасында жылдың соңында бұл көрсеткіш төмендеп, 147 мың адам болды. Бұл қолданылған іс-шаралардың тиімділігін және экономиканың тұрақтылығын көрсетеді.

Ержан Біржанов эпидемиологиялық ахуалға қатысты сұрақтарға да жауап беріп өтті. Короновирусқа қарсы екпе алғаннан кейін жұмыс істейтін қазақстандықтар үшін демалыс қарастырылмаған. Ведомство вице-министрінің айтуынша, вакцинациядан кейін дәрігерлердің бақылауымен 30 минут тынығу жеткілікті. Ал егер өзін жайсыз сезіну байқалса, уақытша демалыс алуына болады деп отыр.

Ғ.Өтемісов