Русский Сайттың толық нұсқасы

Африкадағы қазақтардың видеосы қоғамда резонанс тудырды

  • AstanaTV
  • 16 сәуір 2021
  • 3872

Әлем желіге қазақтардың Африкада жираф атып, зебраны көлікке басып жатқан видеосы қызу талқыланып жатыр.  Пікір білдірушілердің басым бөлігі жануарды бір оқпен сұлатып салған аңшының әрекетін айыптады. Дегенмен қолдау білдіргендері де аз емес. Африкада қазақтар не істеп жүр? Кез-келген адамның аң аулауына рұқсат етілген бе? Әріптесім, Әлішер Өмірзақ сауалдарға жауап іздеп көрді.

Күні кеше желіде тараған бұл кадрлар, қызу талқыға түсті. Жануарға жаны ашып, аңшының әрекетін айыптағандар басым. Мәселен Али есімді ютуб қолданушысы ләззат үшін жануарды өлтіру күнә деген пікір қалдырған. Данияр есімді жігіт «адамдар не болып кеткен» деген сұрақ қояды. Тағы бірі қазақтың жүрмейтін жері жоқ, жүрсе де ет іздеп жүреді дейді. Бекжан болса «зебраның етін жеуге бола ма, ол ешек тұқымдас емес пе» деген сауал қалдырыпты. КТМ: Аңшының мақсаты да сол, етін жеу екен. Зебраның өлі денесін көлікке салып жатып өзі де айтты.  

Аңшы Батыр Сейкенов жираф атты деп шулағандарды, мультфильм көріп өскендер деп сынға алды. Айтуынша Африкаға аң аулауға арнайы турлар бар. Онымен жекеменшік компаниялар айналысады. Бірнеше жыл бұрын өзі де барған. Бір зебраны атып алуға 600 доллар төлейді екенсіз. Ал жирафтың құны қымбат, шамамен 2 мың доллардан асады. Арыстан атып алғыңыз келсе 20 мың доллар төлесеңіз болған.

Батыр СЕЙКЕНОВ, АҢШЫ:

Бұл қарапайым аңшылық. Жирафтың кез-келген түрін атады деген сөз емес. Видеода репродуктивті жастан өткені атылғаны көрінеді. Шырылдап пікір жазып жатқандардың ойынша әдемі жануарды атуға болмайды, олардың жаны ашиды, ал басқасын өлтіре беруге бола ма сонда? Нағыз жануарды өлтіру жағдайын көргіңіз келсе ет комбинаты не құс фабрикасына барыңыздар.


Африкада аң аулап жүрген қазақтың бұл әрекеті заңды ма деп аңшылар қауымдастығының бұрынғы басшысы Қайырбек Шақуалиұлына хабарластық. Онда ережеге сай белгілі бір жан-жануарға аңшылық етуге рұқсат етілген екен. Одан түскен қаражат сол жануарлардың көбеюуіне және оларды қорғауға жұмсалады деді.

Ә. Өмірзақ