Русский Сайттың толық нұсқасы

Шымкентте короновирус жұқтыру жағдайы артып келеді

  • AstanaTV
  • 16 сәуір 2021
  • 1514

Кешеден бастап қызыл аймаққа өткен Шымкентте эпидемиологиялық ахуал тұрақсыз. Шаһардың бас дәрігері осылай деп дабыл қақты. Денсаулық сақтау басқармасының басшысы әлеуметтік желі арқылы көпшілікті саналы түрде вакцина алуға және той-томалақтан бас тартуға шақырады. Жағдайдың қаншалықты қиын болып тұрғанына дәлел ретінде, бас дәрігер былтыр арнайы салынған жұқпалы аурулар ауруханасындағы жағдайды да көрсеткен. Бейнежазбада ауруханада жатқандардың қарасы аз емес екені байқалады. Тіпті арнайы аппаратқа қосылғандардың арасында тыныс алуы қиындап жатқандары да бар.

Өткен тәулікте қалада COVID-19 инфекциясын жұқтырған 119 жағдай тіркеліпті. Қазір ауруханаларда 365 науқас ем қабылдап жатыр. Соның 234-і коронавирус жұқтырған, 41-і жансақтау бөлімінде,- деді Бақытжан Позилов . Өзгесі өткір респираторлы вирусты инфекция, пневмониядан емделуде. Қаладағы дайын тұрған 1 мың 10 төсек-орынның 36 пайызы бос емес. Әзірге үшінші мегаполисте 46 мың 656 адам вакцина салдырыпты. Басым бөлігі мұғалімдер мен медицина саласының мамандары.

А. Төребекқызы