Павлодарда «Ертіс орманы» резерваты отқа оранды. Орманды алқапта құрғақ шөп пен қарағай жанған. Тілсіз жауды ауыздықтауға жел кедергі келтірген. Бүгін таңда ғана апаттың беті қайтты. Десе де, ішінара тұтану әлі де жалғасып жатыр. Тілсіз жау жалпы аумағы шамамен 1200 гектар жерді күлге айналдырды. Абырой болғанда зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ.
Ернұр ӨТЕГЕНОВ, ПАВЛОДАР ОБЛЫСТЫҚ ТЖД БАСТЫҒЫ:
Өртті сөндіруге жұмылдырылған адам саны 206 адам. 50 бірлік техника оның ішінде 20 өрт сөндіру көлігі автоцестирна. Және бұдан басқа МИ-2 тік ұшағы қолданылған болатын. Адам жарақат алған жоқ. Сүгір және Садықащы ауылдарына болған қауіпті алдын ала өрт сөндіру жұмыстарының алдын алды.
Облыс орталығында да өрт дерегі тіркелді. Жалын көпқабатты пәтерден шыққан. Баспанадағы тұрғындар, сыртқа шығып үлгерген. Ал пәтердің түгі қалмай жанып кетті. Оның қожайыны - 53 жастағы тұрғын қаза болды.
Тілекжан ГАЛЯМОВ, ПАВЛОДАР ҚАЛАЛЫҚ ТЖБ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
Өрттің шығу себебі мен келтірілген шығын анықталуда. Қазіргі таңда арнайы өрт сынақ лабораториясының қызметкерлері жұмыс жасап жатыр. Сараптаманың қорытындысы бойынша тиісті шешім қабылданады.
Ө. Қуанар