Русский Сайттың толық нұсқасы

Павлодарда көлік жуушы әйел соққыға жығылды

  • AstanaTV
  • 19 сәуір 2021
  • 1904

Павлодарда көлік жуушы әйел, жалақысын талап етемін деп таяқ жеген. Ол осыны айтып, өзінің көгерген денесін суретке түсіріп, әлеуметтік желі қолданушыларынан көмек сұрады. Мән-жайды көлік жуу орталығынан сұрап білдік. Мұндағылар ол әйелдің жұмысқа удай мас күйінде келгенін айтты. Әрі оны ешкім ұрып соқпады деп отыр.

Елена, ОҚИҒА КУӘГЕРІ:

Оны ешкім ұрған жоқ. Тек кассаға кірмек болғанда кеудесінен итеріп жіберді. Сосын сөмкесін де лақтырып жіберген. Ол сөмкеге емес, қайтадан кассаға жүгірді. Бірақ, ұрған жоқ ешкім. Қайта есікке дейін шығарып салмақ болды. Оның осы әрекетін полицейлерде көрді. Бірақ, ол әйел полицияның көлігіне де отырмай қарсыласты.

Біз мән-жайды білмек болып, арызданушы әйелдің телефонына хабарласып көрдік. Бірақ, тілдесу мүмкін болмады. Қазір аталған факті бойынша полиция іс қозғады. Ұрды деп күдікке іліккенжергілікті тұрғын қамауға алынды. Оқиғаның мән-жай тергеу барысында белгілі болмақ.

Жасқайрат ҚАЙЫРОВ, ПАВЛОДАР ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСТЫҒЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:

Бұл оқиға бойынша, арызданушы әйелдің дене жарақатын алғаны анықталды. Күдікке ілінген көлік жуу орнының әкімшісі қамауға алынды. Сараптама жасалды. Тергеу амалдары басталып кетті.

Ө. Қуанар