Русский Сайттың толық нұсқасы

Ғалымдар Еуропа елдерінен қазақ тарихына қатысы бар 10 карта тапты

  • AstanaTV
  • 06 қыркүйек 2017
  • 4064

Қазақстандық ғалымдар Еуропа елдерінен қазақ тарихына қатысы бар 14-18 ғасырлардағы оннан астам картаны тапты. "Бабалар ізімен" ғылыми экспедициясы Елбасының "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру"  бағдарламасының аясында жүргізілді. Экспедиция мүшелері Ресей, Әзірбайжан, Армения, Грузия, Украина Молдавия сияқты 24 Еуропа елін аралап қайтты. Олар ұлттық тарихымызды түгендеу үшін зерттеу жүргізгендерін айтты.

Әділ Ахметов, филология ғылымдарының докторы, академик:

Мына экспедицияның істеген жұмысы Президент айтқан «Рухани жаңғырумен» астасып жатыр. Ал енді ұзын сөздің қысқасы: өз тарихымызды өзіміз ашпасақ, ешкім ашпайды.

Сонымен қатар, 13 қыркүйекте 13 ел өкілінің қатысуымен Астанада 1-ші Халықаралық "Дешті-Қыпшақтың ортағасырлық тарихы" ғылыми теориялық конференциясы өтетін болады.