Русский Сайттың толық нұсқасы

Қазақстанда короновирусты қайта жұқтырудың 800 жағдайы тіркелді

  • AstanaTV
  • 21 сәуір 2021
  • 1400

Қазақстанда коронавирусты қайта жұқтырудың 800 жағдайы тіркелді. Бұл туралы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің мамандары айтты. Науқастардың әрқайсысымен эпидемиологтар жеке кеңес жүргізіп жатыр дейді. Сондай-ақ, Түркияда құйылатын қазақстандық вакцина бойынша келіссөздер әлі аяқталмаған.   Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департамент басшысы Нұрлыбек Асылбековтің сөзінше, қазір Түркияда субстанциялардың берілуі және вакцина көлемінің технологиялық схемалары зерттеліп жатыр. Бұған дейін Үкімет басшысының орынбасары   қазақстандық препараттың клиникалық кезеңінің 3 фазасы бүгін жартылай аяқталатынын мәлімдеген болатын. Бірақ министрлік бұған қатысты нақты ештеңе айтпады.

Нұрлыбек АСЫЛБЕКОВ, МЕДИЦИНА ЖӘНЕ ФАРМАЦЕВТИКАЛЫҚ БАҚЫЛАУ КОМИТЕТІ НҰР-СҰЛТАН қ. ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ:


Үшінші кезеңнің қазіргі уақытта сол жартысы бітіп, оның да есебі қаралып сол есептер бойынша алдағы уақытта бізден ақпарат болады. Оны эксперттер қарайды. Өзіңіз білесіз бұл енді сапа мен қауіпсіздікке байланысты ғой. Сондықтан бұл мәселеде асығыстықтың керегі жоқ деп ойлаймыз.


А. Данияр