Русский Сайттың толық нұсқасы

Түркістан облысындағы ауыл халқы қоқыс полигонын көшіруді талап етті

  • AstanaTV
  • 21 сәуір 2021
  • 2720

Түркістан облысы Ордабасы ауданындағы Амангелді ауылының халқы, соңғы кезде ауру түрі көбейгенін айтып дабыл қақты. Айтуларынша іргеде қоқыс полигоны пайда болғалы, экологиялық ахуал нашарлаған. Тіпті төрт түлікте қырылып жатыр дейді. Амангелділіктердің талап тілегін әріптесім Айзада Төребекқызы жеткізсін.

Айзада ТӨРЕБЕКҚЫЗЫ, ТІЛШІ:

Мына менің арт жағымдағы мен мұндалап көрініп тұрған Ордабасы ауданының тұрмыстық қалдықтарын тастайтын қоқыс полигоны. Бір қарағанда елді мекеннен алшақ орналасқан. Мына жағы бес шақырым, енді бірі үш шақырымдай алыс жатыр. Алайда ылдидағы Амангелді ауылының тұрғындары жаз шықса болды бықсыған түтінге тұншығамызда қаламыз дейді.

1300-дей тұрғыны бар ауыл халқы күн ысыса болды қолқаны қабатын күлімсі иіс үйлерге жететінін айтады.  Білулерінше, тұрмыстық қалдықтар қолдан өртеледі. Апталап есік-терезе ашудан қаламыз деген халық елді-мекенде соңғы жылдары сырқат түрі көбейіп кетті деп отыр. Жас кәрі демей кесел табуын қоқыстан көруде.

Жанболат ӘБУОВ, АМАНГЕЛДІ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Теміреткі, жара неше түрлері шығып кетті. Аллергия. Мен мысалы зіңгіттей жігітпін тепсе темір үзетін, менің өзімді де қазір мазалап жүр өкпем ауырады, бронхылар көбейіп, соңғы кезде аурулар көбейіп кетті. Мына мусор келгелі бері бала-шаға бүкілі ауыратын болды, әке-шешеміз ауру.  


Айта кетейін, ашылғалы он жылдан асқанын полигон қырлы жерге орналасқан. Дәл қазір толып тұр десе болғандай. Содан да болар, қоқыстарды жел ұшырып, полиэтилен қалташалар маңайда шашылып жатыр. Оны жайылып жүрген мал жеп, арам қатып жатқанын да айтқан бұқара, қоқыс полингонын әкетсін деп талап қойды.   

Аманбай ТҰРҒАНҰЛЫ, АМАНГЕЛДІ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Мусорымыз мынау, е сеткасы жоқ не басқасы жоқ. Жел тұрса болды ұшады былай қарап төмен қарап клеенкасы. Оны мал жейді. Мал жегеннен кейін ол мал өлмегенде қайда барады. Целофаннан басқа нәрселерде ұшып жатыр. Осы мусорды біздің ауылдан әкетсе басқа жақа ауылдан аулақтау.

Қоқыс полигоны маңында өлекселер де жатыр. Құжынаған шыбыннан көп нәрсе жоқ. Халық бетпердемен жанымыз қалып тұр дегенді айтты.

Сапарбай СӘУІРБАЙҰЛЫ, АМАНГЕЛДІ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:


Шымкенттен әкеп төгеді бұл жерге, ал біз барып айтсақ соттап жібереміз оттап жібереміз дейді. Мен өзім өткен әкімдерге талайына айттым, кім төбеге салады мусорды? Сайға түсірсін деп айтқаным рас.  Одан кейін осы жерде мал өлсе малдың өлексесін әкеп өртейтін жер бар. Сонда Амангелдінің халқы өмір сүрмеу керек па?! Ауру қайдан тарайды, міне қараңызшы.

Ауылдық округтің әкімі тұрмыстық қалдық тастайтын орынның толып қалғанын растады. Айтуынша бұл жерге 10 ауылдық округтің қоқысы жатыр. Мәселені шешудің бір жолы қалдықтарды қайта өңдеу дейді шенді.

Ілияс ТҰРНИЯЗ, ҚАЖЫМҰҚАН АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ:

Полигонды бір жерден бір жерге көшіргенде мәселе шешілмейді. Мәселе тек қана бағанағы жолмен шешіледі өңдеу жолмен шешіледі. Қазір үш жерден тағыда полигон ашылып жатыр, яғни әр үш ауылға бір полигоннан. Ол полигондар осы жылы ашылады.

Шенеунік қоқыс полигоны ешқайда көшірілмейтінін ашық айтты. Әзірше қоқыс шашылмау үшін жан жағын биіктетуді көздеп отыр.  

А. Төребекқызы