Келер жылдан бастап әскерге шақыртылатын жауынгерлер саны артады. Қорғаныс министрлігінің мамандары осылай деп отыр. Алайда, нақты санын хабарламады. Министрлік өкілдері Қазақстан кейбір елдердің сәтсіз тәжірибесінен сабақ алуы тиіс деп отыр. Жауынгерлер қатары көбейтілгенімен, келісімшарт негізіндегі сарбаздар 70 пайыздан аспайды.
Мүслім Дайыров, ҚР ҚК Бас штабы ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаментінің басшысы:
Өздеріңіз білетіндей, Сирияда шамамен 10 жыл уақыт шамасында соғыс жүргізіліп жатыр. Қазіргі уақытта сол мемлекетте әскерге адам жетіспеушілігінен тапшы болып отыр. Себебі кезінде әскерде қызмет етпеген азаматтар қарудың қыр-сырынан бейхабар. Соған орай тәуелсіз елдің шаңырағы мығым болу үшін мықты әскер жасақтау керек.
Биылдан
бастап ақылы әскери білім алғысы келетіндер жасы 24-тен асуы керек. Күзгі
маусымда 17 мың жас әскерге шақыртылған. Медициналық тексеріс қатаңдаған. Ал
отан алдындағы борышын өтеуден бас тартқандар 2 миллионнан аса айыппұл төлейді
немесе 1 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Ал денсаулығы жарамайтыны
туралы жалған ақпарат бергендерге 3 мың АЕК айыппұл салынады.