Алдағы дүйсенбіден бастап, қазақстандықтарға отандық «QazVac» вакцинасы салына бастайды. Бүгін екпенің алғашқы партиясы Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Ақтөбе қалаларына жөнелтілді.
Өткен жылы қазанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев отандық вакцина жасау туралы тапсырма берген болатын. Бүгін соның алғашқы 50 мың данасы "СК-Фармацияның" өңірлік хабтарына жеткізілді. Екінші партия да дәл осы көлемде мамыр айында шығарылады деп жоспарланып отыр. Әрі қарай вакцина өндірісі біртіндеп ұлғайтылады.
Мирас ДАУЛЕНОВ, ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:
Институт қазақстандық вакцинаны аз-аздап шығаруы мүмкін. Бүгінгі күні алғашқы вакциналар СК-Фармацияның төрт хабына жеткізілді. Енді олар 26-шы сәуір күні медициналық ұйымдарда болады.
А. Төребекқызы