Русский Сайттың толық нұсқасы

Экс-депуттаттың ұлы, өз-өзіне қол салмақ болғаны рас па?

  • AstanaTV
  • 22 сәуір 2021
  • 1785

Экс-депуттаттың ұлы, өз-өзіне қол салмақ болды. Нұр-Сұлтандағы екінші қалалық ауруханада төтенше жағдай орын алған. Заң бөлімінің басшысы өз кабинетін іштен құлыптап алып, өзіне-өзі қол салған. Бұл туралы әлеуметтік желіде ақпарат тарады. Абырой болғанда дәрігерлер шапшаң қимылдап, оны аман алып қалған. Қазір науқас жансақтау бөлімінде жатыр. Бұл оқиғаның нақты себебін полицейлер білмейді. Қалалық денсаулық сақтау басқармасы болса, суицид дерегін жоққа шығарды. Аурухананың заң бөлімі басшысының міндетін уақытша атқарған науқас, қан тамырлары ауруы диагнозымен емделіп жатқанын айтты. Өміріне аса қауіп жоқ екенін хабарлады.

Л. Қуанышқызы