Русский Сайттың толық нұсқасы

Шымкентте қалдық сулар жиналатын аумақтың тұрғындары тұншығып отыр

  • AstanaTV
  • 22 сәуір 2021
  • 3462

Арнамызға Шымкенттегі Ынтымақ-2 шағын ауданының халқы, қаладан шығатын қалдық суға тұншығып отырмыз деп шағымданды. Айтуларынша, соңғы кездері есік-терезені ашпақ тұрмақ, далаға шығудан қалған. Шуласқан халық денсаулықтары сыр бере бастағанын айтып, дабыл қақты.

Таңшолпан ӨСЕРБАЕВА, ЫНТЫМАҚ-2 ШАҒЫН АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Ровно бір ай болды иіс қатты шығып жатқанына. Қатты шығып жатыр иіс, демала алмаймыз. Терезенің бәрі жабық. Бала-шаға далаға шықпайды.

Гүлжан АҚБАЕВА, ЫНТЫМАҚ-2 ШАҒЫН АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Содан ауру тарқайды негізінде. Инфекция. Іш ауру, балалардың іш аруы дезинфекциясы, жаңағы дизентериясы балалардың, одан кейін тағы басқа аурулар. Лас қой бұл негізі сасықтың көп нәрсе тарайды деп ойлайм мен.

Бұл отбасылар қала сыртындағы шайынды сулар жиналатын орынға тым жақын қоныстанған. Әу баста қаладан 12 шақырым қашыққа салынғанмен қазір тұрғын жайдың ортасында қалып тұр. Халық талайдан тазарту қордырғысын аулаққа әкетсін деген талап қойып келеді екен. Қалдық су жиналатын аумаққа жауаптылар өкіл халықтың сырқат тауып жатырмыз деген сөзін жоққа шығарды. Ал су арнасының жауаптылары соңғы уақытта иістің мүңки шығуының бір себебін өндірістік аймақтардан түрлі шайынды сулардың көптеп қосылуымен байланыстырды.

Абзал ЗЕЙНЕТАЕВ, «СУ РЕСУРСТАРЫ – МАРКЕТИНГ» ЖШС БАС ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Қалалық генплан дейді жоспар бойынша бекітілген қаланың сыртына очистное сооружение салыну бойынша, көшіру бойынша.  Енді оған біздің водоканал жауап бере алмайды. Біз өзіміздің жұмысымызды жалпы халыққа осы иіс шықпасын, осы жағымсыз иістер экологияны ластамас үшін жалпы жұмыс жасап жатырмыз.

А. Төребекқызы