Русский Сайттың толық нұсқасы

Каспий теңізі тартылып барады

  • AstanaTV
  • 23 сәуір 2021
  • 4966

Каспий тартылып барады. Теңіздің суалып,  жағадан алыстағанына  тұрғындар алаңдаулы.
Әлеуметтік желіде тараған бұл бейнежазбада  теңіздің шөлейтке айналған табанын көруге болады. Құм көшіп жатыр.  Алаңдатарлық жағдай. Экологтардың айтуынша,  соңғы  13 жылда Каспий теңізінің солтүстік бөлігіндегі су деңгейі 1 жарым  метр төмен  түскен.  Бұған Еділ өзенінен құйылатын судың азаюы  және климаттың өзгеруі себеп болып отыр.  Тез арада нақты шаралар қолға алынбаса, экологиялық ахуал қиындай түспек. Мамандар мәселені шешудің жолдарын қарастырып жатыр.

Л. Қуанышқызы