Русский Сайттың толық нұсқасы

Жарыққа тиын төлей алмай отырғандар шу шығарды

  • AstanaTV
  • 23 сәуір 2021
  • 2449

Павлодарда 1 жылдан бері жарыққа 1 тиында төлей алмаған тұрғындар шу шығарды. Айтуларынша, шаһар әкімдігі үйді электр орталығына тіркетпеген. Соның салдарынан жаңа салынған үй тұрғындары коммуналдық ақыны төлей алмай отыр. Құзырлы орындарға хат жазғанмен, нәтиже болмаған. Амалы таусылған ағайын арнамыздан араша сұрады. Бұқараның базынасын тілшіміз Өзгеріс Қуанар тыңдап келді.

«Сарыарқа» ықшам ауданында орналасқан 9 қабатты үй былтыр қолданысқа берілген. Содан бері тұрғындар жарыққа ақы төлемеген. Бұқара бұған шаһар әкімдігін кінәлап отыр. Өйткені, үйге тапсырыс беруші баспананы қабылдап алғанда, электр орталығына тіркетпепті.

Әйгерім АСЫЛХАНОВА, ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Бізге 10 айдың ішіндегі келген шотты 500 мың болсын, қанша мың болсын, бізге бірден төлеңдер –деп айтса біз қалай оны төлейміз. Бұл барлық пәтерлер ипотекаға алынған. Міне, өзіміз осылай баланы бағып үйде отырған кісіміз. Ипотекамыз бар.

Советқазы НҰРСИЛА, ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

«Павлодар энергоға» апарып мына генеральный подрядчик тіркемеген. Жақында 8-9 ай. Жарыққа ақша төлемей отырмыз. Ертең мұның бәрі сотқа дейін бару мүмкін. Осыны тездетіп қала әкімдігі бақылауға алса, деген ойдамын.


Тұрғындар үйдің сапасы да сын көтермейтінін айтты. Өткен жылы жертөлені кәріз суы басып қалыпты. Ал биыл қыста тоқ көздерінен от шығып, бүтін бір подъездегі электр есептеуіш құралдар жанып кеткен. Абырой болғанда, тұрғындар өртті дер кезінде байқап, сөндіргендерін айтты.   

Жарқынай ЖҰМАБАЕВА, ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Мынаның барлығын қараңыздаршы. Мынаны подрядчикке жіберсек, олар айтады бізде сертификат бойынша барлығы дұрыс, барлығы жөнінде. Мынандай возгорания қайдан пайда болады. Егер барлығы дұрыс болатын болса. Мен қорқам түнде ұйықтауға. Мүмкін түнде басқа подъезде жанып кетеді.


Шаһар әкімінің айтуынша, бұл үйлерді  электр орталықтары тіркеуден бас тартқан. Өйткені, үйдің тиісті құжаттары дайын болмай шығыпты. Сол себептен де тіркелмеген. Бірақ, үй құжат түрінде әлдеқашан тапсырылып қойған.  

Ержан ИМАНСІЛӘМ, ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ:


Жұмыс жасап жатырмыз. Егер монополистер алмайтын болса, бюджеттің балансында болады. «Коммун-сервис» коммуналдық мемлекеттік мекемесі бар. Сондықтан осы жұмыстарды жүргізіп, аламыз кейін «Горводаканал» балансына береміз.

Қала басшысы әзірге шешеміз - дегеннен басқа нақты жауап бере алмады. Сондықтан, тұрғындардың әлі біраз бұл мәселеге бас ауыртуына тура келеді.  

Ө. Қуанар