Русский Сайттың толық нұсқасы

Оралда үш адамды айуандықпен өлтірген күдікті ұсталды

  • AstanaTV
  • 06 қыркүйек 2017
  • 2487

Оралда өртенген үй ішінен табылған адамдар пышақталып өлтірілген. Бұған дейін екі әйел мен 3 жасар баланың мәйіті табылған болатын. Сәби 18 жерден пышақталып, асқан жауыздықпен өлтірілген.

Полицейлер күдіктіні ұстады. Ол жасаған қылмысын жасыру үшін үйді өртеп жіберген. Марқұмдардың кісі қолынан қаза тапқанын сот-дәрігерлік сараптама анықтаған. Полиция дерегінше, марқұмдардың бірі күдіктімен көңілдес болудан бас тартқан. Ашуға мінген күдікті өзімен бірге тұрғысы келмеген келіншекке осылай кек қайтарса керек. Енді оның кінәсі дәлелденсе, кемінде 15 жылға сотталуы мүмкін.

Нұрлан Бисенов, Орал қалалық ішкі істер басқармасы бастығының бірінші орынбасары:

Аталған қылмыс бойынша тергеу жүргізіліп жатыр. ҚР ҚК 99-бабы 2-бөлігіне сәйкес бірнеше адамды қасақана өлтіру бойынша, қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде. Адам қамауға алынды. Орал ҚІІБ уақытша ұстау изоляторында. Өзінің айыбын мойындап жатыр.