Русский Сайттың толық нұсқасы

Павлодарлық тұрғын 12 жастағы ұлына «джип» көлігін басқаруға берген

  • AstanaTV
  • 26 сәуір 2021
  • 1841

Павлодарда 12 жастағына ұлына жол талғамайтын көліктің тізгінін ұстатқан әкеге 146 мың теңге көлемінде айыппұл салынды. Кәмелет жасына толмаған баланың көлік жүргізіп бара жатқан суреті, әлеуметтік желіде тарап кетті. Осыдан соң тәртіп сақшылары, күмәнді көлікті Кенжекөл ауылында ұстаған. Бастапқыда 12 жастағы көлік тізгіншісі жол сақшыларының ескертуіне құлақ аспастан, сытылып кетуге тырысқан. Алайда, жол сақшылары қуып жетіп, көліктің алдын бөгеу арқылы тоқтатты. Ал ұлына көлік рулін берген әке, қасында отырған. Не себепті кәмелетке толмаған балаға көлік жүрігузге рұқсат бергенін түсіндіре алмады. Аталған іске байланысты, баланың әкесіне іс қозғалды.

Жанна БІЛӘЛОВА, ПАВЛОДАР ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:


Аталған факті бойынша ҚР Әкімшілік кодексінің 612-бабы 5-бөлімі бойынша іс қозғалды. Яғни, кәмелет жасына толмаған тұлғаға көлік құралын басқаруға беру жөнінде хаттама толтырылды.  Заң бұзушыға 50 АЕК көлемінде айыппұл салынды. Ал көлік айып тұрағына қойылды.


Ө. Қуанар