Қарағандыда ыстық су құбыры жарылып, көше бойындағы жас көшеттерге зиян келді. Нақты шығын көлемін қазір әкімдік анықтап жатыр.
Төтенше жағдай қаланың оңтүстік шығысындағы теннис орталығының алдында болған. Жылу жүйесінен аяқ астынан ыстық су атқылап, диаметрі 1 мың миллиметрге жеткен. Буы бұрқыраған су орталық көшеге жайылып, көше жиегіндегі арықтарға да құйылған. Коммуналдық қызмет мекемелері суды арнайы техникамен сорғызып жатыр. «Теплотранзит Караганда» серіктестігінің хабарлауынша, тұрғын үйлер басқа жүйеге қосылғандықтан жылусыз қалған жоқ. Тек сол маңдағы бірнеше спорт кешені жүйеден ажыратылған.
Ануар АНТОНОВ, «ТЕПЛОТРАНЗИТ КАРАГАНДА» ЖШС БӨЛІМ БАСТЫҒЫ:
Бұл аумақ 15 жылдан бері жөнделмеген. Соңғы екі айда 6 рет жарылды. Жылу жүйесін қосымша қаржы бөлінген кезде жөндеу жоспарланып отыр.Ал ағаштарға келсек, олар спорт кешендері салынған соң жылу жүйесінің күзет зонасында отырғызылған. Бұл аумаққа ағаш отырғызуға рұқсат берілмейді. Неге отырғызылғанын тиісті әкімдік тексереді.
А. Қуаш