Русский Сайттың толық нұсқасы

Нұр-Сұлтан қаласында денсаулық сақтау саласының қызметкерлері тапшы

  • AstanaTV
  • 27 сәуір 2021
  • 1390

Пандемия кейбір азаматтарды табыс көзінен айырғанымен, Нұр-Сұлтан қаласында дәрігер тапшы. Ал Алматыда сатушылар жетіспей жатыр.   Дәл қазір сұранысқа ие мамандықтардың рейтингін жасаған Ұлттық статистика бюросының мәліметі осындай. Ал үшінші мегаполис Шымкент қаласына пошта қызметкерлері керек.  Жалпы республика бойынша ең көп бос орын өңдеу өнеркәсібінде, салаға 5 мыңнан астам жұмысшы керек. Сондай-ақ, денсаулық сақтау  саласы мен  коммуналдық кәсіпорындарда мамандарға сұраныс жоғары.