Русский Сайттың толық нұсқасы

Елбасы ҚХА төрағасының орынбасары Марат Әзілхановты қабылдады

  • AstanaTV
  • 27 сәуір 2021
  • 1903

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бүгін Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Марат Әзілхановты қабылдады. Кездесуде  еліміздегі этносаралық қатынастар  жайы және Ассамблеяның 29- сессиясына әзірлік туралы  сөз болды. Тұңғыш Президент 1995 жылы құрылған Ассамблеяның ұлтаралық қатынастарды реттеуде үлкен рөл атқаратынын атап өтті. "Біздің бұл саладағы тәжірибеміз дүние жүзіне мәлім, көптеген елдер оған қызығушылық танытуда", – деді. Кездесу соңында Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасарына бірқатар нақты тапсырма жүктеді.

Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ, ҚР ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ, «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Барлық региондарда өздерінің мекемесін салдырдым.  Өздерінің орталығы, жиналатын жерлері бар. Қандай ұлт болса да өздерінің мәселесін ақылдасады, шешеді. Жергілікті әкімшілікпен тығыз жұмыс істеу керек, оған тәжірибең бар.

Ғ.Өтемісов