Русский Сайттың толық нұсқасы

Нұр-Сұлтан қаласында медбике 1 миллион теңге ұрлаған

  • AstanaTV
  • 28 сәуір 2021
  • 1695

Нұр-Сұлтан қаласындағы  жекеменшік ауруханалардың бірінде жұмыс істейтін медбике 1 миллион теңге ұрлады. 26 жастағы бойжеткен сейфтен қаржыны алып, бірақ  ол әрекетін жасыру үшін    полицияға өзі хабарласқан.  Тәртіп сақшыларының айтуынша,   медбике  біреуге жала жапқысы келген.  Құқық қорғау органына "әлдекім кіріп, сейфтің кілтін тауып алып, ақша ұрлады"деп арыз жазады. Бірақ көп ұзамай миллионды алған басқа емес, оның өзі   екендігі анықталды. Күдіктіге қатысты Қылмыстық Кодекстің 188-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу  басталды.  

Гүлнар  ПИНЧУК, ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ  БАСШЫСЫ:


Тергеу барысында арыз берушінің өзі ақшаны ұрлап, полицияны алдауға тырысқаны анықталды. Екі ай бойы ол сейфтен ақша алып, оны жұмсап, кейін денсаулығына байланысты демалысқа шығып кеткен. Жұмысына оралғаннан соң,шығынды жасыру үшін полицияға сейфтің есігі ашылып, ақша ұрланғаны туралы жалған мәлімдеме жасаған.Қазір бұл іс зерттеліп жатыр.

Л. Қуанышқызы