Русский Сайттың толық нұсқасы

Теміртау қаласында әйел адамды кезекке таласқан тұрғындар басып кете жаздады

  • AstanaTV
  • 29 сәуір 2021
  • 3146

Кезекке таласқан тұрғындар егде жастағы әйелді жазым қыла жаздады. Өрескел жағдай Теміртау қаласындағы №1 емхананың кіре берісінде болған.  Таңғы 8 -де есік ашылысымен тезірек ішке кіруге таласқан жұрттың бейне жазбасы әлеуметтік желіге тарап кетті.  

Кезекте тұрған ығы-жығы адам бір- бірін итеріп, құлатып, ешкімді аяр емес.   Карантин талабы жайына қалған. Жазбаның авторының айтуынша, жұрт жерге құлаған әйелді де басып-жаншып өтпекші болған.  Ал жиналғандар "Осындай жағдайдың қалыптасуы-емханадағы жұмыстың дұрыс ұйымдастырылмауынан" дейді.   Бірақ емхана директоры оның себебін басқаша түсіндіреді.

Гүлнар ЕСІМСЕЙІТ, ТЕМІРТАУ ҚАЛАЛЫҚ №1 ЕМХАНА ДИРЕКТОРЫ:

Емхана таңғы 8 ден кешкі 8- ге дейін жұмыстайды. Есіктер 7.45 те ашылады. Науқастарды қабылдау басталардан 15-20 минут бұрын келуге шақырамыз. Алайда олар бүгінгідей тым ерте келіп алады. Салдарынан қаншама адам кептелісіп қалды.

А. Қуаш