Русский Сайттың толық нұсқасы

Құдық қақпақтарын ұрлаған такси жүргізушісі ұсталды

  • AstanaTV
  • 29 сәуір 2021
  • 2085

Елордада кәріз құдығының қақпақтарын ұрлаған азамат ұсталды. Полицейлердің айтуынша, С-316 көшесіндегі кәріз құдықтарының  қақпақтары жақында ғана жаңартылған. Түнде такси жүргізушісі 7 қақпақты  қолды қылған. Күдікті   көп ұзамай қолға түсті. Ол қақпақтарды сатып, пайда таппақшы болған. Қазір іске қатысты тергеу жүріп жатыр.

Эльмира ШАУЛЕНОВА, НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ:

Ер адам металл қабылдайтын орынға темір қақпақтарды бөлшектеп,9 мың теңгеге сатып жіберген. Қазір де бұл факт бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары басталды.

Л. Қуанышқызы