Русский Сайттың толық нұсқасы

Қостанайда науқас дәрігердің бармағын сындырып, өзі ауруханадан қашып кеткен

  • AstanaTV
  • 04 мамыр 2021
  • 1904

Қостанайлық дәрігер  араққа сылқия тойған  аудан тұрғынынан жапа шекті. Аруханаға жарақатпен түскен жас жігіт, жәрдем көрсетпек болған маманға қарсылық білдіріп, оның бас бармағын сындырған. Қолтығынан жараланған науқасты жедел жәрдем бригадасы қалалық ауруханаға жеткізген көрінеді. Ішімдік удай мас науқас жол бойы медицина мамандарына сес көрсетіпті. Кейін кезекші бөліміндегі қызметкерлерге бас салып, үрейін алған. Тіпті жарақатын таңып бермек болған дәрігерді жұдырықтың астына алып, бас бармағын сындырып, ауруханадан қашып кеткен.

Эрик ҚОЯНБАЕВ, ҚОСТАНАЙ ҚАЛАЛЫҚ АУРУХАНАСЫНЫҢ БӨЛІМ МЕҢГЕРУШІСІ:
 
Әуелі дәрігердің шашынан жұлып, ұрғысы келді. Бірақ күзетшілер оны күшпен ұстап, жарақатын таңып берді. Әйтсе де әлгі ашуға булыққан науқас дәрігердің арқасынан теуіп,  жұдырық  ала жүгірді.


Дәрігерге  қол көтерген күдікті ұсталды. Ол 26 жастағы Әулиекөл ауданының тұрғыны болып шықты. Полиция  қылмыстық кодекстің 107 бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлады.

З. Санай