Русский Сайттың толық нұсқасы

Павлодар облысында жаңадан салынған үйлер жарамсыз күйде

  • AstanaTV
  • 05 мамыр 2021
  • 2078

Павлодар облысының Шарбақты ауданында жаңадан салынған үйлер бір жыл болмай сыр берді. Былтыр ғана қоныс тойын тойлаған тұрғындар   қазір жыларман күйде отыр.   Баспаналардың қабырғалары көгеріп, едені сыз тартқан. Тіпті, кейбір үйлердің іргетасы   үгітіліп жатыр.  Ал тұрғындар қыс бойы суық үйде тоңып шыққандарын айтады. Бұқараның базынасын әріптесім Өзгеріс Қуанар тыңдап келді. 

Мемлекеттік бағдарламамен оңтүстіктен көшіп келген   Нұрқабылдың отбасы бұл үйге былтыр қоныстанған. Келе сала баспаналы болып, төбесі көкке жеткен оның қуанышы бірақ ұзаққа бармапты.    

Нұрқабыл ЕРЕНСІЗҰЛЫ, ШАРБАҚТЫ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Мынаның бәрі суықтың тәсілінен болар айырылып кетті. Құлауы да мүмкін. Оттың күшімен шықтық бұл үйден. 12 тонна көмір жақтық. Әр тоннасы 14500-ден алып отырдық. Алдында алғанда қуанғанбыз. Кейін қуаныштың арты қиынға айналып кетті.

Жаңадан бой көтерген 5 үй оңтүстіктен көшіп келген отбасыларға берілген. Бірақ, бір жыл болмай кемшіліктер шыға бастады.  Қабырғалар сөгіліп, көгеріп, іргетас үгітіліп жатыр.

Ділдәр ҚАБЫЛ, ШАРБАҚТЫ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:


Қыстай өте суық болды. Өйткені, үйдің іші көгеріп жатыр. Мына терезе мен неменің ортасы қуыс тұр. Қысымен мұз қатып, терезенің іші бір қарыстай мұз қатып шықты. Суық үйіміздің іші. Қыстай қос дополнительный пеш қосып шықтық электрички пеш.

Башир КОСТОЕВ, ШАРБАҚТЫ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Мен әкімдікке үйдің сапасыз салынып жатқаны туралы бірнеше мәрте айттым. Иә, шешеміз, шешіміз - деді де ақыры қалды. Енді көріп тұрсыздар үйдің іргетасы опырылып жатыр. Құлап кетпеуіне кім кепіл.

Ал жергілікті шенділер мәселеден хабардар болғанмен, бізге сұқбат беруге келіспеді.  Бірі біріне сілтеп мардымды жауап та бермеді. Тек телефон арқылы аудан әкімінің орынбасарымен тілдесе алдық.  

Ағыбай ӘМІРИН, ШАРБАҚТЫ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Өткен аптада сатып алған жігіттерді шақырғанбыз. Айтқанбыз, орнына келтір - деп. Олай болатын болса мен сотқа берем - деп айтқанмын. Олар айтқан 1 айдың ішінде орнына бәрін келтіріп береміз -деп.

Аудан әкімінің орынбасары мәселені шешеміз - деп сендірді. Алайда, тұрғындар құрылысы әу баста дұрыс жобаланбаған үйлерді жөндеу мүмкін емес дейді. Ал бұл үйлерді салуға қазынадан 168 млн. теңге бөлінген.  

Ө. Қуанар